Kia Motors-тың АҚШ нарығында ұсынылған бренд желісінің сегіз моделі Қозғалыс қауіпсіздігін сақтандыру институтының (IIHS, Insurance Institute for Highway Safety) марапаттарына ие болғанын хабарлайды. Осындай нәтиженің арқасында Kia өз өнімдерінің 2019 жылдың жаңа, неғұрлым қатаң талаптарына сәйкестігін барынша қамтамасыз ететін маркалардың алғашқы үштігіне кірді.
Top Safety Pick Plus (TSP+) ең жоғары рейтингіне ие болған бес модельдің бірі жақында ғана нарыққа шыққан төртінші буындағы Kia Cerato1 седаны болды, бұл нұсқа жарықдиодты фаралармен және бетпе-бет соқтығысудың алдын алудың опционалды жүйесімен жабдықталған.
«Kia Motors компаниясы үшін IIHS-тің модельдік желіміздің қауіпсіздік жағына берген осындай жоғары бағасы – біз үшін үлкен құрмет. Әсіресе, 2019 жылғы редакциядағы талаптар едәуір қатал және оларды орындау өте қиын болғанын ескере кету керек, - деп Kia Motors America модельдік жоспарлау және телематикалық жүйелер жөніндегі директор Орт Хедрик (Orth Hedrick) марапаттарға түсініктеме берді. – IIHS рейтингі қазіргі уақыттағы сатып алушылардың көз алдында айтарлықтай беделге ие. Бұл марапаттар KIA-ның клиенттердің сұраныстары мен тілектерін орындауға деген ұмтылысының, анағұрлым қауіпсіз автокөліктер жасау бойынша тұрақты түрде жасап келе жатқан жұмысымыздың дәлелі болып табылады».
Биылғы жылы IIHS жаңа сынақ стандарттарын енгізгеннен кейін Kia-ның жеңіп алған марапаттар саны ерекше әсерге бөлейді. TSP+ жалпы рейтингіне сай болу үшін автокөліктер енді шағын жабыны бар жолаушылар жағынан болатын бетпе-бет соққыға жасалатын краш-сынақта тек «Жақсы» (Good) деген баға алуы керек, ал өткен жылы «Қанағаттанарлық» (Acceptable) деген баға рұқсат етілетін. Жаңа IIHS бағалау жүйесі барлық краш-сынақтарда «Жақсы», бетпе-бет соқтығысудың алдын алу жүйелерімен жабдықталғаны үшін «Өте жақсы» (Advanced) немесе «Тамаша» (Superior), сондай-ақ фараларды сынау кезінде «Жақсы» деген бағаның болуын талап етеді.
Жаңа талаптарға сәйкес келетін оптика және бетпе-бет соқтығысудың алдын алатын опционалды жүйемен жабдықталған жабдықталымдарда IIHS TSP+ жоғары рейтингі Kia Cerato, Niro2, Niro PHEV3, Optima, Sorento Prime4 модельдеріне берілді.
Top Safety Pick (TSP) деңгейінің рейтингі үшін жолаушылар жағынан жасалған автокөліктің краш-тестінің нәтижесі де жаңа критерий. Осындай рейтингке сәйкес болу үшін автокөлік барлық краш-сынақтарда «Жақсы», бетпе-бет соқтығысудың алдын алу жүйелерімен жабдықталуы тұрғысынан «Өте жақсы» (Advanced) немесе «Тамаша» (Superior) бағаларын, сондай-ақ негізгі фараларды сынауда «Жақсы» немесе «Қанағаттанарлық» деген бағаларды алуы керек. Мұндай жабдықтары бар жабдықталымдарға, бұл рейтингке Rio5, Soul және Cadenza6 сияқты KIA-ның тағы үш моделі сәйкес келеді.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21: 00
Сб-Жс 09:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21:00
Сб-Жс 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – Allur на Суюнбая ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»