28 наурыз күні Түркістан облысында Kia Sportage иелеріне арналған «Бізбен бірге GO: Шымкент» автожорығы өтті.
Шараны Allur компаниясы құрамындағы Kia Qazaqstan ресми дистрибьюторы автоблогер Дияс Уәлиханмен бірлесе ұйымдастырып, жүргізу тәжірибесі әртүрлі 100-ден астам қатысушының басын қосты.
Kia Sportage кроссоверлерінен құралған әсерлі лек түрлі төсемді көркем жолдармен 160 км бағытты еңсерді. Кейбір қатысушылар алғаш рет өз автокөліктерінің мүмкіндіктерін сынап көріп, Sportage-тің жайлылығы мен әмбебаптығын атап өтті.
Бағыттың соңғы нүктесінде қатысушыларға еліміздің ең бірегей табиғи орындарының бірі – Ақмешіт үңгіріне экскурсия, сондай-ақ табиғат аясында дәмді түскі ас, топтық сайыстар, ойындар мен би, балаларға арналған ойын-сауық, сыйлықтар әзірленіп, ең бастысы – барлығы жылы әрі достық атмосферада ерекше әсерге бөленді.
«Бізбен бірге GO» жобасы автотуризмді дамытуға, ішкі туристік бағыттарды дәріптеуге және ел ішінде саяхат мәдениетін арттыруға арналған. Ұйымдастырушылар табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын атап өтіп, қазақстандықтарды туған өлкені жаңа қырынан тануға шабыттандыруды көздейді.
«Бізбен бірге GO» жобасы Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі Kia көлік иелерін қамтып, өз ауқымын табысты түрде кеңейтіп келеді.
