
2025 жылы шығарылған автокөліктерге


Төрт дөңгелекті жетек және 8AT автоматты беріліс қорабы
Барлық жолаушылар үшін ең жоғары жайлылық
3.5 V6 қозғалтқыш

2025 жылы шығарылған автокөліктерге
Жинақтамалар
2 қолжетімді жинақтама
Қозғалыс пен әрекет – шабыт көзі және адамзат эволюциясының бастауы. Адамзат үнемі саяхаттап, зерттеп, жаңа жерлерді ашып, жаңа адамдармен танысып, жаңа тәжірибелер жинау арқылы дамыды. Kia өмірге жаңа дем беріп, мобильділікке жаңа мүмкіндіктер ұсынатын одан да жетілдірілген автокөліктер мен қызметтер арқылы шабыт сыйлауға дайын. Kia-ның инновациялық мүмкіндіктері мен кеңістіктері, сондай-ақ ыңғайлы қосымша қызметтері өмірде табысқа жетуге апаратын жаңа мүмкіндіктер ашады.

Экстерьері
Өмірді жаңа шабытпен толтыратын спорттық, футуристік дизайн. K8 дизайны қазіргі парадигмалардан бас тартып, мобильділіктің болашағын ұсынады. Интеграцияланған радиатор торы бар біртұтас бампердің жаңашылдығы ерекше әрі тартымды, ал спорттық фастбэк корпусының мінсіз үйлесімі осы класс үшін жаңа стандарт орнатады.

Заманауи панельдер арқылы жоғары технологияны басқарудан ләззат алыңыз. Көзге көрінетін, естілетін және саусақ ұштарыңызбен сезілетін барлық технологиялар мен дизайндар мұқият жетілдіріліп, оңтайландырылған. Пайдаланушылар әртүрлі функцияларды интуитивті түрде басқарып, музыка мен температураны өз талғамына қарай реттеп, K8-де еш уайымсыз өмір сүруден ләззат ала алады.

Интерьерi


Ақылмен жүргізу

Технологиялар

Қозғалтқыш
Өзінің сыныбындағы ең үздік 3,5 GDI бензинді қозғалтқыш пен электронды басқарылатын аспаның үйлесімі теңдесі жоқ динамика мен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Қызмет көрсету
Kia автокөліктері автомобиль өнеркәсібінің ең жоғары стандарттары бойынша өндіріледі. Дәл осы ерекше сапа Kia-ға кепілдіктің бірегей шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.
Көрнекілік үшін виртуалды бейне қолданылды. Жоғарыда көрсетілген техникалық сипаттамалар жинақтамаға, әр модельдегі орын санына, қозғалтқышқа және таңдалған опцияларға байланысты өзгеруі мүмкін