
2025 жылы шығарылған автокөліктерге


Жетілдірілген жүргізушіге көмек көрсету және қауіпсіздік жүйелері (ADAS)
Apple Carplay / Android Auto
2.0 150 ат күші бар қозғалтқыштар және 6AT автоматты беріліс қорабы

2025 жылы шығарылған автокөліктерге
Жинақтамалар
5 қолжетімді жинақтама
Cerato-ның аспаптық панелі артық ештеңе жоқ деген дизайнның арқасында сәнді әрі премиалды болып көрінеді. Шешімдердің талғампаздығы, аспаптық панельдегі және мультимедиа жүйенің дисплейіндегі жүргізушіні ақпараттандырудың ойластырылған алгоритмі. Әрлемесіндегі металл екпіндер спорттық және сонымен бірге талғампаз көрініс береді, ал біркелкі сызықтар турбина пішініндегі вентиляциялық саңылаулардың бірыңғай дизайнын тиянақтайды.

Технологиялар
Тіпті, аз ғана өзгешеліктердегі технологиялық шешімдер мұқият жүргізуге ықпал етеді. Аудиожүйенің әртүрлі функцияларын экранды немесе рульдегі ыңғайлы түймешелерді басу арқылы басқаруға болады. Смартфонды сымсыз қуат беру құрылғысына қою арқылы оған алаңдамайсыз: ол қашанда қол созым жерде және қуаты толық.

Драйв
Cerato екі әлемнің ең жақсысын иеленген: маневрлік аспасы бар спорттық сипат және ұқыпты трансмиссия, оған қоса кең әрі жайлы салон. Керемет аэродинамикалық контурлар кез келген қырынан қарағанда, көздің жауын алады, оның ұтымды сыртқы түрі бұл автокөліктің кез келген жағдайға дайын екенін көрсетеді.

Жайлылық
CERATO-ның кең салоны — бұл әдемі сызықтар, ыңғайлы орындықтар және жанасқанда жағымды әрлеу материалдары. Барлық жабдықталымдарда екі қатардағы орындықтар ыңғайлы бедерлі жастықшалармен жабдықталған, ал артқы орындықтарда екі немесе үш жолаушыға отыруға ыңғайлы жеткілікті орын бар.

Сыймдылығы

Қаупсіздік
Drive Wise - бұл Kia ADAS (Advanced Driver Assistance System) технологиялар кешені, оның мақсаты – қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып және күнделікті көлік жүргізудің жалықтыратын міндеттерін шеше отырып, көлік жүргізуден ләззат алуды арттыру. Жетілдірілген берілгілер мен деректерді өңдеу технологиялары көлік жүргізуді барынша қауіпсіз, қарапайым және тиімді етуге көмектеседі.

Қозғалтқыш
Бензин моторларының жарқын динамикасынан ләззат алыңыз — қарқынды 1,6 литрлік және қуатты 2,0 литрлік. Қозғалтқыштар газ тарату фазаларын екі есе өзгерту жүйесімен (D-CVVT) және электронды басқарылатын заманауи отын бүрку жүйесімен жабдықталған. Gamma 1.6 MPI, бензин

Қызмет көрсету
Kia автокөліктері автомобиль өнеркәсібінің ең жоғары стандарттары бойынша өндіріледі. Дәл осы ерекше сапа Kia-ға кепілдіктің бірегей шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.
Көрнекілік үшін виртуалды бейне қолданылды. Жоғарыда көрсетілген техникалық сипаттамалар жинақтамаға, әр модельдегі орын санына, қозғалтқышқа және таңдалған опцияларға байланысты өзгеруі мүмкін